Ақтауда ұландықтар инспекторлық тексерістен өтуде

3817
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы 3 жылда бір келетін инспекторлық тексерістен өтуді бастап кетті. Жүріп жатқан инспекторлық қортынды тексеріске 2 жедел мақсаттағы батальонның барлық санаттағы әскери қызметшілері қатысуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тексерісті бастамас бұрын 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Болатбек Мұхамбетқалиев әскери бөлімнің мәжіліс залында комиссия мүшелеріне әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығының жай-күйімен таныстырып баянат жасады. Мәжіліс залындағы жиын аяқталысымен арнайы құрылған комиссия мүшелері өз бағыттары бойынша сынақ қабылдауға кірісті.

Қазіргі таңда 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әскери топография, тактика, дене дайындығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, атыс дайындықтары бойынша сынақтар тапсыруда. 

Айта кетейік арнайы құрылған комиссия мүшелері осы уақытқа дейін Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік деңгейін тексеріп келген болатын. Әскери бөлімдегі инспекторлық тексерістің қортынды нәтижелері 16-қазан күні шығатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -