Аида Балаева Мәдениет және ақпарат саласындағы дебюрократизацияға арналған заң жобасы туралы айтып берді

20262
Фотосурет: Gov

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында министрлік әзірлеген ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы заңнамалық реттеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Министр аталмыш құжат 2022 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті.

«Заң жобасы Министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға сілтенетін Министрліктің мойнындағы негізгі міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің Ережесімен реттелетін болады. Ұсынылып отырған заң жобасы алдарыңызға келмес бұрын тиянақты түрде сараптамадан өтіп, барлық мүдделі жақтармен барынша талқыланды. Ең бастысы – болашақ заңнама ел Президентінің мемлекет алдына қойған тапсырмаларын толық орындап, оның осы бағыттағы қызмет жүйесін едәуір жақсартуға бағытталған» Аида Балаева

Сондай-ақ Заң жобасы аясында креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға ықпал ететін түзетулер де қарастырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -