Әскери қызметшілердің балалары"Балдәурен" орталығында өз денсаулығын нығайтады

5148
Фотосурет: Балдәурен

Абай өңірлік гарнизоны әскери қызметшілері балаларының кезекті легі Балқаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық – сауықтыру орталығына аттанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанова  қысқы мезгілде 16 бала 20 күндік демалысқа баратындығын жеткізді. Оқу бағдарламасында сауықтыру орталығында жалғастыру көзделген және одан бөлек балалар денсаулықтарын нығайтып, көптеген жаңа достармен танысып, жақсы әсерлер алады.

Бұл Абай гарнизонындағы әскери қызметшілер балаларының осылай демалысқа аттанған үшінші легі. Осы жыл басынан әскери қызметшілердің балалары Қонаев және Балқаш қалаларында демалыста болған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -