Өскеменде екі жүзге жуық сарбазды шығарып салу рәсімі өтті

18689
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде екі жүзге жуық сарбаз  Отан алдыңдағы борышын өтеп шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бір жыл бойы әскери өмірде шыңдалған мерзімдік қызмет әскери қызметшілері көп жылдық тарихы бар әскери ортада берілген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді орындау барысында асқан жауапкершілік таныта білді. Шара барысында қызметтегі  үлгілі  тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге  алғыс хаттар табысталды.

- Отан алдындағы  борышын өтеп шыққан жігіттер Астана, Алматы, Қызылорда, Абай және Павлодар өңірінен шақыртылған болатын. Сарбаздардың біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыруға ықылас танытуда. Әзірше, он бір азамат келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға ниет білдірді, - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Әскери бөлімге  сарбаздардың келесі легі Алматы, Жетісу  өңірлерінен келеді. Олар келер жылдың  желтоқсан айынан бастап әскер қатарына алынбақ.  Әскери қызметшілердің айтуынша, сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу кезінде моральдық сондай-ақ  физикалық жағынан  шыңдалып, өзіне жүктелген барлық қызметтік тапсырманы жоғары деңгейде   орындаған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -