Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық

6050
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Солтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында болып, өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сенаторлар Петропавлдағы 2-ші жылу-энергетика орталығында болды, станцияны аралады және энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайымен танысты. Мұнда Энергетика министрлігінің және облыстағы энергетика кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен ЖЭО-ның қазіргі жай-күйі және жалпы өңірде жылыту маусымының өтуі мәселелері бойынша кеңес өтті. Депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры міндетін атқарушының кәсіпорында бүгінгі таңда атқарылып жатқан істер туралы баяндамаларын тыңдады.

Депутаттар сапар барысында С.М.Киров атындағы мұнай-газ саласы мен теміржол көлігіне арналған автоматика құралдарын, электротехника бұйымдары мен есепке алу аспаптарын шығаратын зауытта болды. Сенат делегациясының мүшелері кәсіпорындарда қолданылатын бизнес-процестерді егжей-тегжейлі зерделеді және мұндай өндірістің экономикалық даму жолында тек өңірде ғана емес, ел көлемінде де маңыздылығын атап өтті.

Сенаторлар сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы жалпыға ортақ пайдаланатын жолдарды дамыту барысымен де танысты. Олар республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының жөнделіп жатқан учаскелерін көрді және жобалық қуаты жылына 165 мың тонна болатын «Қызылжар жолдары KZ» ЖШС асфальт-бетон зауытында болды. Депутаттар өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да назар аударды. Сенаторлар кездесулер барысында айтылған мәселелер назарға алынатынын және бұдан былайғы заң шығару қызметінде ескерілетінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -