Жас сарбаздармен кездесті

7425
Фотосурет: Аягөз гарнизоны

Республикалық сарбаздар аналары қоғамдық ұйымының Абай облысы бойынша өкілі Айнұр Татерова Аягөз гарнизонындағы  жас толым сарбаздарымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ескертусіз келген «Аналар жүрегі» комитетінің мүшесі ең алдымен мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ әскери қызметшілердің бос уақытында немен айналысатын көрді. Бұдан бөлек, сарбаздар аналар комитетінің өкілі азық-түлікті сақтау тәртібін және олардың жарамды мерзімін қарады. Басты назарды осы жылы күз мезгілінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздарға аударды.

Әрине, сарбаздардың күн тәртібін үйдегі өмірмен салыстыруға болмайды. Әскердегі ықшамдылықты мұнда барлық жерден, атап айтқанда біркелкі жиналған төсек-орындардан, бірдей ас мәзірлері мен киім үлгісінен көруге болады. Ата-аналар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген балалары үшін алаңдайтыны жасырын емес. Сондықтан біз бүгін әскери бөлімдегі казармаларды, асхананы араладық. Офицерлермен, жас толым сарбаздарымен сөйлестік, – деді сарбаздар аналары қоғамдық ұйымының өкілі Айнұр Татерова.

Келген мейманға Аягөз гарнизонының басшылығы ынтымақтастықты нығайту және әскери қызметке деген сенімді арттыру ісінде табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -