Елордалық ұландардың қырағылығы баланы қайтарып алуға және жоғалған телефонды табуға көмектесті

23133
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Астаналық 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қызмет атқару кезінде жоғалған баланы ата-анасына қайтарып, ұялы телефон тауып алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бірінші жағдай Алматы ауданының тынвштығын күзету кезінде орын алды. Сағат 20:10 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Геннадий Коробов және патрульдік жауынгерлер Владислав Бабушкин мен Абдумутал Әбдікәрімовтен қала тұрғыны көмек сұрап, ұлын табуға көмектесуді өтінді. Ұландықтар әскери жасақтар мен кезекші офицерге баланың белгілерін баяндап, шұғыл ақпарат таратады. Өздері де уақыт жоғалтпай, бірден іздеуге кіріседі. Олардың жедел іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жобамен бір сағат аралығында бала табылып, ата-анасына табысталды.

Сол күні елорда тынвқтығын қамтамасыз ету кезінде тағы бір әскери жасақ Алматы ауданынан ұялы телефон тауып алады.

Сағат 21:00 шамасында көшелердің бірінде әскери жасақ бастығы қатардағы Мейрам Бекболатов және патрульдік жауынгерлер Дилзат Аблимитов пен Ерасыл Әмірханов Петров көшесінде "Samsung s24 Ultra" маркалы телефон жатқанын байқап қалады.

— Жоғалған гаджетті тапқаннан кейін біз бұл туралы дереу патрульдік топ бастығына баяндадық. Көп ұзамай телефон иесі анықталып, белгіленген жерге келді. Смартфонның сол азаматқа тиесілі екеніне көз жеткізген соң, өзіне табыстадық, — дейді әскери жасақ бастығы Мейрам Бекболатов.

Қызметтік міндеттерін кәсіби және адал орындағаны үшін телефон иесі ұландықтарға өз алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -