Астанада қар жауды: 26 мың текше метрден астам қар шығарылды

4510
Фотосурет: Gov

Елордада жауын-шашынның көп болуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түнгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

13 қараша күні Астанадан 26 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,1 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 14,3 мың рейс, яғни 181 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін ең алдымен өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 14 қараша күндізгі уақытта Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -