Фармацевтиканы дамыту: Қазақстан мен USAID ынтымақтастықты нығайтуда

4235
Фотосурет: Gov

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың USAID денсаулық сақтауды басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Жак Фреремен кездесуі барысында халықтың денсаулығын сақтауға және халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар фармацевтика өнеркәсібін дамыту, дәрілік препараттардың сапасын арттыру және фармацевтикалық өнімдерді жеткізу тізбегін әртараптандыру аспектілерін қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің фармацевтика саласында заманауи тәсілдер мен практикаларды енгізу мақсатында тығыз өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -