Кәмелетке толмағандар комиссии жөніндегі комиссия жұмысының жаңа тетігі

3707
Фотосурет: Gov

Тараз қаласы прокуратурасының ұсынысының нәтижесінде кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қызметі қайта қарастырып, уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды нығайту жүйесі әзірленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алайда, үйлестіру өкілеттіктеріне қарамастан, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мүдделі органдар тарапынан комиссияның қажетті ықпалынсыз жүргізіліп келген.

Бұрын комиссияның қызметі тек ата-аналық құқықтан айыру және балаларды кешкі мектепке жіберу мәселелері бойынша жиындар өткізумен шектелген.

Талдау нәтижесімен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде полиция органдарында кәмелетке толмағандарға қатысты 650 хабарлама тіркеліп, оның ішінде 325 хабарлама бойынша комиссия тарапынан үйлестіру шараларымен комиссия отырысында қарауы қажет болған.  

Сонымен қатар, қажетті ақпарат алмасу болмау салдарынан балаларға қатысты 150 оқиға комиссияның назарынан тыс қалған.

Осыған байланысты прокурорлардың бастамасымен комиссияның хатшылық құрылымы күшейтіліп, комиссияда қарау үшін полиция, денсаулық сақтау, әділет және басқа да мемлекеттік органдардың материалдарын жедел жолдау жүйесі әзірленді.  

Сондай-ақ, механизмді енгізілгеннен бері комиссия 52 материалды қарап, тиісті органдарға тапсырма берді.    

Жалпы алғанда, комиссия жұмысының жаңа тәсілі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жасалуына жағдай туғызатын себептерді болдырмауға ықпал етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -