Қазақстанның Катармен әскери ынтымақтастығы

3905
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин /Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Қазақстан мен Қатар арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заңды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады. Бұл құжаттың нормалары әскери білім беру және әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға, жауынгерлік даярлыққа және өзге де салаларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сонымен қатар Келісім әскери ынтымақтастық саласы мен нысандарын айқындауды, Тараптардың әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін белгілеуді, әскери мүлік транзиті, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру, әуе кеңістігі мен әскери полигондарды пайдалану, тілдік даярлықты жүргізу мәселелерін реттеуді көздейді.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Аталған заң аясында уәкілетті органдар тараптардың қызметін айқындауға, ұйымдастыруға және үйлестіруге уәкілеттік берілген өкілдерден тұратын бірлескен жұмыс тобын құратынын да атап өткен жөн.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

«Келісім аясында Қатар мемлекетімен әскери саладағы ынтымақтастықты арттыруға арналған бірлескен шаралар қарастырылды. Бұл шаралар екі елдің қауіпсіздігін күшейтуге арналып отыр. Мақұлданған заң алдағы уақытта мемлекеттеріміз арасындағы серіктестікті нығайтуға және аумақтарымыздың тұрақтылығы пен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз»  Мәулен Әшімбаев

Айта кетейік, Келісім бес жыл мерзімге жасалды және келесі бесжылдыққа автоматты түрде ұзартылады. Егер тараптардың бірі ұзарту шарттарымен келіспесе, онда ол ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей екінші тарапты хабардар етуі қажет.

Сондай-ақ Палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.

Сергей Ершов еліміздегі қалаларда инфрақұрылым мәселесінің өзекті екеніне және оны салуға баса мән беру керектігіне назар аударды.

Қайрат Тастекеев өңдеуші сектордың дамуына кедергі келтіретін проблемаларды атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -