Көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 80-нен астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.
Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 80-нен астам телеграм арналары бұғатталды.
Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.