Қазақстанда отандық рейтингтік агенттік пайда болады

4158
Фотосурет: SaiArLawKa2 / Shutterstock

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы»заңжобасынәзірледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құжат қаржы нарығына қатысушыларды сапалы, объективті және қолжетімді рейтингтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін кредиттік тәуекелдерді тәуелсіз бағалаудың қазақстандық инфрақұрылымын дамыту мақсатында заңнамалық жағдайларды қалыптастыру үшін дайындалды.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы рейтингтік қызметтер нарығында Moody's, S&P және Fitch үш халықаралық рейтингтік агенттігі жұмыс істейді, олардың негізгі клиенттері квазимемлекеттік сектор компаниялары, сондай-ақ қаржы институттары болып табылады. Халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтері, әсіресе орта деңгейдегі жеке компаниялар үшін қымбат екенін атап өткен жөн.

Заң жобасы корпоративтік облигациялар нарығын одан әрі дамытудың маңызды элементі болып табылатын қаржы нарығының инфрақұрылымын дамытуғабағытталған.

Осы нарықтағы ойыншылар санының кеңеюі ШОБ-ты қоса алғанда, қазақстандық компаниялар үшін рейтингтік қызметтер құнының төмендеуіне,сондай-ақ инвесторлардыңқорнарығындағыкредиттіктәуекелдертуралыхабардарболуынарттыруғаықпал ететін болады,бұл біліктілігі жоқ инвесторлардыңқұқықтарынқорғаудыарттырады.

Заң жобасы халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерге тәуелділікті азайта отырып, кредиттік тәуекелдерді бағалау саласындағы құзыреттердің жаңа орталығын құруға және қаржы секторының дербестігін арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын әзірлеу кезінде кредиттік рейтингтік агенттіктер үшін кәсіби іс-қимылдың негізгі қағидаттарын айқындайтын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мақсаттарын белгілейтін IOSCO (Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы) сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың ұсынымдары ескерілді.

Сондай-ақ, заң жобасында Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдары ескерілді, ол Базель II және Базель III шеңберінде кредиттік тәуекелдерді бағалау институттарына қойылатын біліктілік талаптарын анықтайды. Сонымен қатар, кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеуге бағытталған Еуропалық Одақтың директиваларына(1060/2009 директивасы)талдау жасалды.

Заң жобасы көрсетілген халықаралық институттар ұсынған кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің мынадай негізгі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған: объективтілік, тәуелсіздік, ашықтық, ақпаратты ашу, ресурстардың жеткіліктілігі, тұрақты қадағалау және есеп беру.

Бұл ретте тұжырымдамалық реттеу отандық нарықта танылатын кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің құқықтық жағдайы мен қағидаттарын белгілеуге бағытталған. Халықаралық, шетелдік және жергілікті рейтингтік агенттіктерді тану рәсімдерізаңнамалық түрде айқындалатынболады,бұлпроцестіңашықтығымен реттілігін қамтамасыз етеді.

Мүдделер қақтығысын басқару талаптары, ақпаратты ашу жөніндегі міндеттемелер, сондай-ақ корпоративтік басқаруға қойылатын талаптар аса маңызды элемент болады. Бұдан басқа, заң жобасы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде ҚНРДА құзыретін бекітіп береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -