Қазақстан мен АДБ әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

22286
Фотосурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Азия даму банкінің атқарушы директоры Шарлотта Жюстин Диокно-Сикатпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биыл халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастықтың 30 жылдығы аталып өтілуде. Вице-премьер осы кезеңде әртүрлі салалардағы жобаларды қаржылық, техникалық және консультациялық қолдау бойынша жұмыстар жүргізілгеніне назар аударды.

Қазір банк Қарағандыда көпсалалы университеттік аурухананы салу және пайдалану бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ МЖӘ қағидаларының жобасын жетілдіру бойынша техникалық көмек көрсетіледі. Пилоттық жоба ретінде Алматыда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті үшін 5 студенттік жатақхана салу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде білім беру сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар іске асырылуда. Онда инфрақұрылымды, оқу бағдарламаларын жетілдіру, педагогтердің біліктілігін арттыру көзделген. Президент қойған міндеттердің бірі – 1300 мектепті күрделі жөндеуден өткізу. Ғимараттарды жөндеуден басқа, оларды заманауи оқу кабинеттерімен жарақтандыру көзделеді. Тамара Дүйсенова Азия даму банкінің өкілдерін осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Кездесу барысында қаржы институтының қатысуы мүмкіндігі бойынша пікір алмасылды.

Азия даму банкінің өкілдері әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Тараптар ұсынылған жобаларды тиісті салалық министрліктермен тығыз қарым-қатынаста қарастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -