Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының қызметкерлері кәсіби жетілдіру және дамыту бағдарламасы аясында Maqsut Narikbayev University қабырғасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» тақырыбы бойынша арнаулы оқуға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Сенат Аппараты қызметкерлерінің алдында MIND Maqsut Narikbayev University талдау орталығының басшысы Әлтайыр Ахметов дәріс оқыды. Ол жобаларды мемлекеттік деңгейде басқару саласындағы өзекті тәсілдермен таныстырды және үздік тәжірибесімен бөлісті.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Интерактивті түрде өткен бағдарлама ерекше болды. Қатысушылар төрағалық етушіге сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Сенат Аппаратының қызметкерлері топ аясында қарқынды жұмыс істеп, дайындалған шағын жобаларды таныстырды және іс жүзіндегі жұмыстарға талдау жасалды.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Оқудың осы түрі жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік бастамаларды табысты іске асыруға қажетті тиімді өзара іс-қимыл және стратегиялық ойлау дағдысын дамытуға ықпал етті. Maqsut Narikbayev University оқу бағдарламасы мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы және жобалық басқарудың заманауи құралдарын енгізуге дайындығын нығайтудағы тағы бір қадам болды.