Абай гарнизонында әскери бөлімдердің мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының жетекшілерімен, тәрбие және идеологиялық жұмыстар қызметі өкілдерінің қатысуымен бір күндік оқу-әдістемелік жиын өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жиын барысында мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша сабақтар жүргізілді және Қорғаныс министрінің бұйрықтары түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – әскери бөлімдерде тәрбие және идеология жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі талаптарын жеткізу, тәрбие бөлімдерінің офицерлері мен сержанттарының кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру, мемлекеттік-құқықтық даярлық топтары жетекшілерін және олардың көмекшілерін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыда толыққанды дайындау.
Жиын қорытындысы бойынша алдағы қысқы оқу кезеңіне арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын ұйымдастыруға міндеттер қойды.