Қазақстан мен Жапония ынтымақтастықты нығайтуда

22968
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин /Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті. Кездесу елшінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Палата Спикері дипломатқа екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға және Астана мен Токио арасындағы саяси-экономикалық байланысты арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сұхбат кезінде экология, энергетика, ауыл шаруашылығы, ғылым, жоғары білім және әділет саласындағы өзара тығыз қарым-қатынас орнағаны сөз болды.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Жапония Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі маңызды серіктесі екенін атап өтті. Осыған байланысты ол екі елдің парламентаралық қатынастарын одан әрі жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріп келеді. Бүгінде «Орталық Азия+Жапония» форматы нәтижелі жұмыс істеп келе жатыр. Осы орайда біз Жапонияның Орталық Азия елдерімен Достық парламенттік лигасының құрылуын қолдаймыз. Елдеріміз арасындағы транзиттік-көліктік, энергетикалық, су және басқа да салалардағы ынтымақтастықты ілгерілету ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестікке ықпал етедіп» Мәулен Әшімбаев

Сенат Төрағасы осыған дейін Қазақстан мен Жапония арасында түрлі салада, атап айтқанда, сумен жабдықтау және медициналық инфрақұрылымды жақсарту бағытында екіжақты ынтымақтастықтың бірлескен жобалары мен бағдарламалары табысты іске асырылғанын да айтты. Бұл ретте Жапонияның зерттеу орталықтарында қазақстандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалары ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Өз кезегінде Елші Қазақстан тарапына белсенді өзара іс-қимыл үшін алғысын білдіріп, елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -