Қауіпсіз үй: Қарағандыда 1830-дан астам көміртегі тотығы датчигі орнатылды

4796
Фотосурет: Gov

Қарағанды әкімдігі әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың – көпбалалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және басқалардың үйлері мен пәтерлеріне улы газ датчиктерін тегін орнатты. ТЖД-мен бірлесіп 1838 құрылғы орнатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Заманауи датчиктер ықшам, батареялармен жұмыс істейді және қабырғаға немесе төбеге оңай бекітіледі. Бұл құрылғылар ауадағы концентрацияның жоғарылауын тіркеп, белгі беріп, бөлмеден шығуға және уланудың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе түнде адамдар ұйықтап жатқанда және улану белгілерін байқамаған кезде өте маңызды. Көміртегі тотығының төмен дозалары да бас ауруын, бас айналуды және жүрек айнуын тудыруы мүмкін, ал жоғары дозалары ауыр улану мен өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе балалар мен қарт адамдар осал. Датчиктерді орнату арқылы сіз өзіңізді ғана емес, жақындарыңызға да қамқорлық жасай аласыз", – деп атап өтті әкімдікте.

Жақын арада Қарағандыдағы  жеке үйлерде осындай мыңға жуық датчик орнату жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -