Семейде комиссия техниканың дайындығын тексерді

6688
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизоны

Әуе қорғаныс күштері Бас қолбасшысының басқару комиссиясы 54835 әскери бөлімінің қару-жарағы мен әскери техникасын қысқы пайдалану кезеңіне дайындық тұрғысынан қарауды жүзеге асырды. Жоғары тұрған штаб комиссиясының міндеттеріне техникаларды тексеру және оны жаңа мезгілге ауыстыру сапасын бағалау ғана емес, сонымен бірге қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік дайындық деңгейін анытау кірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жұмыстар күздің басынан бастап жүргізіліп, оны өткізу үшін жеке құрамға арнайы техникалық сұйықтықтар, ЖЖМ, құралдар бөлінді. Ең бастысы, жұмыстар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылған.

- Әр техниканың өзіндік ерекшелігі бар, әсіресе мұнда жеке құрам Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарын пайдаланады. Кез келген қолайсыз ауа-райының жағдайларында, әсіресе қыс мезгілінде сеніп тапсырылған техника қойылған міндеттерді орындау үшін қолданысқа дайын болуы керек, - деп атап өтті комиссия төрағасы подполковник Расул Сұлтанов. 

54835 әскери бөлімінің жеке құрамы оннан астам КамАЗ, автобустар, автомобильдер, тікұшақтар және басқа да арнайы техникаларды маусымдық қызмет көрсетуден өткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілген.

Маусымдық қызмет көрсету жанар-жағармай материалдарын қысқы үлгісіне ауыстыру, дизель отынын, резеңке-техникалық бұйымдарын, ауа, отын, және май сүзгілерін ауыстыру жөніндегі кешенді жұмыс. Бұдан басқа, өз мерзімін өткерген тораптар мен агрегаттарын ауыстыру, сондай-ақ шығыс материалдарын – қосалқы бөлшектерін, құралдар мен керек – жарақтарды толықтыру жүргізіледі.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 54835 әскери бөлімінің қару-жарағы мен әскери техникаларының техникалық жай-күйіне тиісті көңіл бөлінеді, бұл кез келген ауа-райы жағдайында міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -