Астанада Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

17336
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Жапонияның Құрлықтағы өзін-өзі қорғау күштері химиялық қорғаныс училищесінің директоры генерал-майор Акира Мураками бастаған шетелдік делегация келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қорғаныс ведомствосында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы полковник Ержан Құлмағамбетовтың жапон әскери қызметшілерімен хаттамалық кездесуі өтті.

Тараптар жауынгерлік дайындық процесіне, РХБҚ әскерлерін дамытуға және оларды техникалық жарақтандыруға қатысты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

РХБ қорғау мамандарын даярлау мәселелері ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековпен кездесуде де қозғалды.

РХБ бөлімшелерінің бірінде қонақтар үшін брифинг өткізілді. Әскери қызметшілердің міндеттерді практикалық орындауын көрсете отырып, қару-жарақ пен техникалық құралдар көрсетілді.

Сонымен қатар, әскери делегация Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа барып, әскери-тарихи мұражайдың экспозицияларын тамашалады. Сапар соңында шетелдік делегация жапондықтарды еске алуға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -