Құқық пен зорлық-зомбылық арасында: Мәдениет министрлігі Талғат Омаровты қолдайтынын мәлімдеді

5269
Фотосурет: freepik

Орал қаласында сот отырысы кезінде адам өлтіру ісі бойынша айыпталушының әкесі сот залында umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа қол жұмсаған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Болған оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талғат Омаровтың құқықтарын қорғауда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұл көмек адвокат ұсынуды және қажетті құқықтық қолдау көрсетуді де қамтиды. Сондай-ақ, Министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Бұл жағдай журналистің заңды кәсіби қызметін шектеу және қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін журналистердің құқықтарын өрескел бұзу саналады. Сот процестеріне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтап, журналистердің құқықтарын құрметтеуі тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -