Жалдамалы шомылдыру рәсімі

5225
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Жас сарбаздар алғашқы атыс жаттығуларын орындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының жас толым сарбаздары алғаш рет жауынгерлік жағдайға барынша жақын ұйымдастырылған практикалық атыс жаттығуларын орындады. 

Атыс дайындығы бойынша сабақтар Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында өтті.

Атысты орындамас бұрын әр жауынгерге бекітілген сержанттар нұсқаулық өткізді. Олардың ату және дәл көздеу бойынша кеңестері жас сарбаздар үшін өте пайдалы болды, өйткені «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сержанттары жыл сайын сержанттар арасында Қарулы күштердің бүкіл армия байқауында жүлделі орындарға ие болады.

"Қару-жарақпен алғашқы атыс жаттығуларын сапалы орындау үшін біз әртүрлі оқу нүктелерін дайындадық. Олар, «КЯ-83» станогында атыс қаруынан оқ-дәрілерді жұмсамай атуға үйрету, атуға дайындау бойынша 1 және 2 нормативтер, АК-74 қаруын шашып-жинау және алғашқы медициналық көмек көрсету.  Біз сияқты нұсқаушылардан, сарбаздардың атыс кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуі тікелей байланысты. Осы орайда біз барлық тәжірибемізді оларға барынша жеткізуге тырысамыз" 35748 әскери бөлімінің жас сарбаздар жинының нұсқаушысы сержант Жандос Өзбекбай

Барлық нұсқаулықтан өткесін сарбаздар практикалық атыстарды орындады. Сарбаздардың көпшілігі үшін автоматтан ату бірінші рет болса да, олардың жақсы нәтиже көрсеткісі келгені және командирлерінен бөлек мақтау естігісі келгені байқалды. 

Алғашқы әсерлерімен қатардағы жауынгер Мағжан Иманбаев та бөлісті.

"Бүгін мен алғаш рет оқу полигонына келдім. Біз бірінші рет қолымызға қару алдық, оқ өтпейтін жилет пен дулыға кидік. Мен ерекше сезімдемін. Біз қарудан бастапқыда 3, одан кейін 6 оқтан аттық. Нәтижелеріміз жақсы. Бірінші атудың сезімі мен әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл өмірде бір рет болса да байқап көруге тұрарлық эмоциялар екен" қатардағы мерзімді қызметтегі Мағжан Иманбаев

Жас сарбаздар әскери істі үлкен қызығушылықпен зерттейді, ал олардың командирлері оларға әскери қызмет туралы көбірек айтып, қолда бар тәжірибені жеткізуге тырысады. Мүмкін, бір жыл мерзімді қызметте болғаннан кейін, біз бұл жігіттер өздерінің өмірлерін Қарулы күштер немесе басқа да күштік құрылымдармен тығыз байланыстырып кетуі әбден мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -