Қазақстанда 75 нарколабораторияның қызметі тоқтатылды

4730
Фотосурет: Gov

Бас прокуратура есірткі бизнесімен күресу бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Бас прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, нашақорлық пен есірткі саудасына сенімді тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

75 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, 87 адам, оның ішінде жақын және алыс шетел азаматтары (Молдова, Латвия, Үндістан және т.б.) ұсталды.

1,3 тоннадан астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Есірткі сатумен айналысатын 13 қылмыстық топтардың, оның ішінде 2 трансұлттық қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленді.

Бас қадағалаушы орган есірткіге қарсы «Нашакорлыкка жол жол» іс-шарасын тұрақтытүрде өткізуде. 

Нәтижесінде есірткіні насихаттағаны үшін 17 адам ұсталып, 10 мыңнан астам нарко жазбалар (граффити)жойылды.  

Заманауи технологияның дамуы есірткі сатумен айналысатын адамдардың интернет-платформаларды пайдаланып, ұзақ уақыт тасада қалуына және барлық процесті қашықтан басқарып отыруларына ықпал етті.

Тәртіп сақшыларының назарына есірткіні қарапайым таратушылар («закладчиктер») ғана түсті.

Сонымен бірге, құқық қорғау және арнайы органдар прокуратураларды үйлестіру кезінде қылмыстық иерархияның төбесіндегі қылмыскерлерге жетуге мүмкіндік беретін терең жедел іс-шаралар мен жаңа әдістерді қолдана бастады. 

Қазіргі таңда есірткі дүкендерінің «кураторлары» және есірткі бизнесінің басқа да ұйымдастырушылары, соның ішінде есірткі саудасынан түскен заңсыз табысқа жауапты адамдар ұсталды.

Тәртіп сақшылары есірткі бизнесінің әрбір буынын, яғни есірткі жарнамалаушыдан бастап есірткі саудасын ұйымдастырушыларға дейін анықтауға бел байлаған.

Біз азаматтарды есірткі тұтынудан және есірткі бизнесіне қатысудан сақ болуға шақырамыз!  

Біздің мемлекетте Заң  мен Тәртіп бәрінен жоғары. Бұл талап барлық қоғам мен әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  

Осы қағида сақталғанда ғана біз әділді, таза және қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -