Ақтөбеде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогы басталды

6116
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ағымдағы жылдың 21- қараша күні Ақтөбе қаласында орналасқан «Жекпе-жек» сарайында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогіне арналған спорттық және жауынгерлік самбодан турнир басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл айтулы сайысқа «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан, Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясынан 100-ден астам спортшы бақ сынайды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауржан Абжанов, Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Мирас Тұрдалин, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене даярлығы және спорт бастығы полковник Сәтжан Әбішев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, әскер ардагерлері және бірлесе іс-қимыл жасайтын органдардың басшылары қатысты.

Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бәсекелестік рухты қалыптастыру, әскерлердің үздік спорт дәстүрлерін жалғастыру. Самбо - Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін танымал спорт түрі болып табылады.

 Жиынды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауржан Садықұлы ашты. Жарыс жалауы көтеріліп, еліміздің әнұраны шырқалды.

"Ұлттық ұлан әскер қатарында самбо күресінен турнир дәстүлі түрде өткізіліп тұрады. Себебі спорттың самбо түрі әскери қызметшілер үшін қажет. Мысалы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға шыққан кезде кез келген жағдайға дайын болғандары жөн. Біздің еліміздегі әскери бөлімдердің көбі облыс орталықтарында қоғамдық тәртіпті қадағалауға, маңызды нысандарды күзетуге көмек береді" Генерал-майор Бауржан Абжанов

Боз кілемге алғашқылардың бірі болып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командасының балуаны мен 5573 әскери бөлімінен келген балуан шықты. Екеуіде жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетіп боз кілемде барын салып, аянып қалмады. Кездесудің нәтижесі бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының балуаны жеңіске жетті.       

     

Айта кетсек, жалпы жарыстың финалдық кездесулері 23 қараша күні өтетін болады. Турнир жеңімпазына кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар беріледі. Бұл игілі спорттық сайыс Ақтөбе қаласының әкімдігі, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және «Динамо» спорт қоғамының   қолдауымен өткізіліп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -