Ұландық екі спортшы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

6325
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жеке есепте 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, өздерінің артықшылықтарын тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 5573 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінің бастығы қатардағы жауынгер Ержан Еренқайыпов алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, осы санатта қола наградалар Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің атқыш - сарбазы қатардағы Мирас Жонысовқа және Атырау қаласындағы 6656 әскери бөлімінің аға сарбазы (аға атқышы) ефрейтор Бауыржан Нарбаевқа берілді.

81 келіге дейінгі санатта елордалық 5573 әскери бөлімі взводының аға сарбазы қатардағы Мәди Амангелді чемпион атанды. Осы салмақ дәрежесінде күміс медальді Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының атқыш-сарбазы қатардағы Айғали Қалдыбек жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спорт командасын даярлау орталығының маманы (аға нұсқаушысы) қатардағы Мағжан Шамшадинге күміс медаль бұйырды.

Ал 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің аға гранатометшісі қатардағы Мейірлан Максим иеленді. 

— Біздің спортшылар жеңіп алған марапаттар — олардың жоғары дайындық деңгейінің, еңбекқорлығы мен мақсатшылдығының көрінісі. Олардың әрқайсысы әскердің басқа да әскери қызметшілері үшін үлгі болып табылады. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және чемпионатта құқықтық тәртіп әскерлерін лайықты көрсеткені үшін алғыс айтамыз, - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы полковник Сәтжан Әбішев.

— Мен үшін бұл жеңіс — ұзақ және қажырлы еңбектің нәтижесі. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековке және жаңа белестерге жету жолында қолдау көрсеткен Бас қолбасшылыққа алғыс айтамын, - дейді өз эмоциясымен бөліскен алтын жүлдегер Ержан Еренқайыпов.

Бұл жетістіктер ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Республикалық жарыстарда өздерінің әскери бөлімшелерін лайықты көрсететін спортшыларын жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -