Сапаны бақылау: 2 тоннадан астам өнім сатудан алынды

4389
Фотосурет: Gov

5 мың сынама өнімді бақылау сатып алу және жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексерілген өнімнің 35%-ы ЕАЭО бірыңғай санитариялық талаптарына және техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Республика аумағында таратылатын өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген сараптама нәтижесінде 439 жедел ден қою шарасы қабылданды, халықтың денсаулығына ықтимал қатер төндіретін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.

Сондай-ақ, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл кезінде 2023 жылы сүт өнімдерінің, құс етінің және парфюмерлік-косметикалық өнімдердің сәйкестігі туралы 200 декларацияның қолданылуы тоқтатылды және күші жойылды.

Уыттылық деңгейін, зиянды заттардың құрамын, микробиологиялық және басқа да сипаттамаларды анықтайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама облыстық және аудандық деңгейдегі Ұлттық сараптама орталығының 84 аккредиттелген зертханасында жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған заңнама аясында жұмысын жалғастыруда және нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -