Дмитрий Мун Қазақстанның цифрландыру вице-министрі болды

4312
Фотосурет: primeminister.kz

Дмитрий Мун ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды

1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген.  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы Астана қ. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталығында сарапшы болып бастаған. 

Әртүрлі жылдары «Қазпошта» АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

  • 2019-2020 жылдары — Астана қ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.
  • 2020-2023 жылдары — Астана қ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор. 
  • 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -