2024 жылғы 21 қарашада Ұлттық қорғаныс университетінің 2 курс магистранттары подполковник Серік Жолдыбаев пен майор Жақсылық Боранбаев оқыс оқиға кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Олар түскі үзілістен кейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешеніне қайтып бара жатып Қабанбай батыр көшесінің бойында қалалық автобустан қалың түтін шығып жатқанын байқайды. Жол жиегіне тоқтаған офицерлер ішінде адам бар-жоғына көз жеткізу үшін автобусқа жүгіріп барады.
Қоғамдық көліктің артқы жағында егде жастағы жүргізуші салонды шарпыған өртті сөндіруге тырысып жатыр екен. Біз дереу әрекет етіп, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, өрт сөндіргіштерін сұрап алдық. Жылдам 112 нөмірі бойынша өрт сөндіру қызметін шақырдық, Подполковник Серік Жолдыбаев
Алайда олар барынша шұғыл әрекет еткенімен, қолда бар өрт сөндіргіштер жалынды ұстап тұру үшін жеткіліксіз болды. Өрттің қарқынын байқаған майор Жақсылық Боранбаев жүргізушіні автобустан ортаңғы есік арқылы шығарып, қауіпсіз қашықтыққа апарды. Осы уақытта подполковник Серік Жолдыбаев автобустың бензин багының жарылуынан қорғау үшін адамдар мен машиналардың қауіпті объектіге жақындамауын өтініп, автобус маңындағы қозғалысты тоқтатты.
Осылайша ұландықтардың жедел әрекеттерінің арқасында адам шығыны жол берілмеді.
Бұл жағдай ҚР ІІМ Ұлттық ұлан өкілдеріне тән кәсібиліктің, табандылық пен батылдықтың жарқын үлгісі болды. Мұндай әрекеттер құрметке лайық және барлық әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар үшін үлгі болып табылады.