Жамбыл облысында санитарлық автомобильдер паркі жаңартылды

4587
Фотосурет: Gov

Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына 4-санаттағы жедел жәрдемді қоса алғанда, 33 жаңа санитариялық автокөлік берілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бекітілген нормаларға сәйкес облыста медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету үшін санитариялық автомобилдерге қажеттілік 272 бірлікті құрайды.

Облыстың аудандық медициналық ұйымдарында 235 санитариялық автокөлік бар, оның 112-сі толығымен тозған. Сондықтан әкімдік ескірген автомобилдерді жоспарлы кезең-кезеңімен ауыстыруды жүзеге асырады.

Жыл басында жергілікті бюджеттен 40 санитариялық автокөлік берілді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен тағы 33 автокөлік сатып алуға қаржы көзделген. Оның ішінде 20 автокөлік медициналық мекемелерге салтанатты түрде берілді, қалған 13 көлік жыл соңына дейін жеткізіледі.

Жаңа көліктер ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға және төртінші санаттағы шақыртулар үшін жедел жәрдем жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -