БҚО ТЖ департаменттерінің автопарктері арнайы техникамен толықтырылды

4697
Фотосурет: Gov

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы аумақтық бөлімшелердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлуде.  ТЖД автопарктері адам өмірін құтқару, төтенше жағдайларға ден қою мен жоюға арналған арнайы техникалармен толығуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәселен алты доңғалақты жүзетін жол талғамайтын Трэкол-39294 көлігі сатып алынып, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының иелігіне берілді. Жол талғамайтын көлік төтенше жағдайларда авариялық-құтқару және іздестіру және су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін толық жолсыз  жерлерде, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау үшін белсенді қолданылады.

Арнайы жабдықталған жол талғамайтын автомобильдер төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қиын жағдайларда жұмыс істеу үшін арнайы жабдықталған жол талғамайтын көліктер төтенше жағдайларға тезірек әрекет етуге мүмкіндік береді. Өңірді техникамен жабдықтау кезінде жылдың төрт мезгілі, географиялық, климаттық жағдайлар және басқа да ерекшеліктер ескеріледі.

Орталық және аумақтық бөлімшелер арасындағы тығыз және тиімді байланыс, сондай-ақ ТЖ-ға төтеп бере алу жұмыстың жоғары стандарттарын белгілеуге ықпал етіп, азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

Орталық және аумақтық бөлімшелердің тығыз және тиімді байланысы, төтенше жағдайларға төзімділік, қайсарлық, талапшылдықтың қалыптасуына ықпал етеді, мұндай бірлескен жемісті жұмыс азаматтар қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

ТЖМ аумақтық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін құтқару техникасының әлемдік брендтерінің заманауи үлгілерін сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған осындай құтқару техникасы басқа облыстарға да бөлінетін болады.

Материалдық-техникалық базаны дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын барынша азайту саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдығын айғақтайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -