Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның "Жас бүркіт" клубына қосылды

9196
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің базасында "Sam Team" балалар спорт клубының  негізін қалаушы және жаттықтырушысы Самат Қонаевтың басшылығымен клуб тәрбиеленушілерімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Клуб мүшелері Мансұр Темірбай, Хадия және Сирин Қонаевтар, Дияр Назымбек және Айару Салман Әбу-Даби қаласында (БАӘ) өткен джиу-джитсудан Әлем чемпионатында үлкен жетістіктерге жетті. Олардың табандылығы мен шеберлігінің арқасында Қазақстан 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Іс-шара аясында жас Әлем чемпиондары «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Әскери бөлім командирі подполковник Арман Пернеқұлов спортшыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Ұландықтар ең жас чемпион — алты жасар Хадия Қонаеваға Ұлттық ұлан беретін тарту етті.

Бүгін біз джиу -джитсудан Әлем чемпионы атанған жеңімпаздарымызды құттықтау үшін жиналдық, олар өздерінің батыл күрестерімен және күш-жігерлерімен елімізді әлемдік аренада таныстырды. Сіздер бүкіл әлемге қазақстандық жастардың өз дәстүрлеріне адал бола отырып, биіктерге жетуге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз - бұл жеке жетістік қана емес, сонымен қатар әркім үшін өз елін қалай сүю және оның өркендеуі үшін жұмыс істеу керектігінің үлгісі. Өз еңбегімен нағыз чемпиондарды тәрбиелеген тәлімгерлеріңіз — Самат Қонаевқа ерекше құрмет білдіргім келеді. Сіздің энергияңыз, жауынгерлік рухыңыз бен күшіңіз жас патриоттар клубының жаңа мүшелерін және жас ұрпақты шабыттандырсын. Сізге зор денсаулық, жарқын жеңістер және биік белестерді бағындыруға деген талпыныс тілеймін 5512 әскери бөлімінің командирі подполковник Арман Пернеқұлов

Салтанатты шара мерекелік концертпен және жалпы суретке түсумен аяқталды.

«Sam team» клубы жас спортшыларды шабыттандырып, еліміздің патриоттық рухын нығайта отырып, Қазақстанды әлемдік аренада дәріптеуді жалғастыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -