Қазақстаннан келген балет жұлдыздары Венгриядағы беделді байқауда жеңіске жетті

8228
Фотосурет: Gov

Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты. Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды.

Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын вариациялар көрсетті.

Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -