Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынына дайындық аясында Петропавл және Сергеев су тораптарында жағалау нығайту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгінгі таңда жоспарланған 19 жөндеу жұмысының 18-і аяқталды.
Петропавл және Сергеев су қоймаларының жоғарғы және төменгі бьефтерін батиметриялық түсірілімдерін жүргізді. Петропавл су торабының автокөлік көпірінің техникалық жай-күйі мен суасты тексеріс жүргізіледі.