2024 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында алғаш рет «Такси Қазақстан 2024» форумы өтеді.
Форум өтетін орын: КЦДС «Атакент», 10 павильон. Басталуы: 09:30.
Такси тасымалы – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы бес айында нарық қатысушыларының табысы 3 373,5 млн теңгені құрады. Жалпы 28 437,5 мың адам тасымалданған.
Форумда талқыланатын тақырыптар:
- Такси нарығын реттеу жоспарлары мен перспективалары
- Қазақстандағы такси нарығының болашағы
- Такси саласындағы салық салу және платформалық жұмыспен қамту
- Такси автопаркін көлікпен қамтамасыз ету
- Клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- Такси саласын қаржыландыру және сақтандыру
- Алматы қаласындағы такси паркін электрлендіру
Форумның спикерлері:
- Женіс Мұхиев – Қазақстанның Таксомоторлық саласы қауымдастығының төрағасы
- Тайыр Байдүйсен – Қазақстандағы Яндекс Go басшысы
- Ұлыбек Киманов – урбанист, Q88 қауымдастығының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы жастар кадрлық резервінің мүшесі
- Азамат Керімбаев – «СК «Freedom Finance Insurance» АҚ басқарма төрағасы
Форумды ұйымдастырушы – Қазақстанның таксомоторлық және прокат саласы қауымдастығы (АТПК). АТПК құрамында 160 мүше бар және Қазақстандағы жетекші салалық қауымдастық болып табылады.
Форумның технологиялық серіктесі – Яндекс Про, таксистер мен курьерлерге арналған кәсіби қосымша.
Іс-шара аудиториясы: 1000-нан астам АТПК мүшелері, ірі таксомоторлық парктер, агрегаторлар, автомобиль және лизинг компаниялары, автомобиль бөлшектерінің брендтері.
Форум 2024 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында, КЦДС «Атакент», 10 павильонда өтеді.
Тіркелу басталуы: 09:30.
Іс-шараға билетті форумның ресми сайтынан сатып алуға болады: forum.atpk.kz/#kupitbilet.