6787
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5516 әскери бөлімінің арнайы құралдарды қолдану тобы мен Қарағанды облысының полиция департаментінің арнайы мақсаттағы батальон «жедел қимылдайтын арнайы жасағы» (о.ж. Теміртау қаласы), 2024 жылдың қараша айында жаз мезгіліне сақтау жарамдылық мерзімі өткен тітіркендіргіш әрекетті арнайы құралдырдың техникалық жағдайын білуге байланысты, арнайы құралдарды қолдану топтарының жеке құрамы граната лақтыру бойынша, бірлескен арнайы құралдарды қолдану тобының оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік іс-шаралары қатаң сақталды. Бірлескен оқу-жаттығу жиынына Орталық өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бастығы подполковник Владимир Сергеевич Козинец және 5516 әскери бөлімінің радиациалык, химиялық, биологиялық қорғау бастығы капитан Аңсар Қуанайұлы Амангелді қатысты. 5516 әскери бөлімінің арнайы құралдарды қолдану тобы мен жедел қимылдайтын арнайы жасағы өз тәжірибелерін шыңдады, кризистік жағдайларға төтеп беру үшін өзара іс-қимылдарға дайындығын пысықтады. 5516 әскери бөлімінің басқарма офицерлері мен рота, взвод командирлерімен тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін қосымша сабақтар өткізілді. Арнайы құралдарды қолдану бойынша № 63 «Күндіз және түнде қарудан ату», № 64 «АҚҚТ атқыштары үшін қозғалмайтын нысандарға жылдам ату», № 67 «Күндіз және түнде арнайы құралдарды қолдану бойынша АҚҚТ лақтырушыларын есептеу үшін» жаттығуларын орындады. № 21 «Әскери бөлім жедел резерві арнайы құралдарды авокөлікке тиеу» бойынша радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау взводы өз тәжірибесін әрі қарай жетілдірді. Оқу-жаттығу жиыны кезінде көзделген мақсаттар орындалып, әскери қызметшілердің арнайы құралдарды қолдану тәжірибесі арта түсті.

Кіші сержант Ержан Мунбаев, Теміртау қаласы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -