Әскерде әзілге де орын бар

3740
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Әскер десе, қазіргі таңда әрбір адамның көз алдына күнделікті қызмет, қару немесе жауынгерлік ұрыстар келеді. Иә, әрине, әскердегі негізгі қызмет осы емес пе? Күн сайын сарбаздар жауынгерлік қызметке шығып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қарапайым тұрғындардың ұйқыларының тыныштығын сақтайды. Ал, бұл қызметке шығу үшін әрбір әскери қызметкер арнайы дайындықтан өтеді.

Иә, күнделікті қызметке шығу әр адам үшін оңай дүние емес. Бұл қызметті атқарудың өзі үлкен бір абырой екені рас. Қызмет атқару жақсы, бірақ та кез келген адамда міндетті түрде демалыс болуы керек. Бұл сөз тек жұмыс істейтін адамдарға ғана емес, жас сарбаздарға да қатысты. Әскердегі сарбаздардың демалыс күндері әр апта сайын әртүрлі болып өтеді.

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар, демалыс күндері спорттық іс-шаралар мен айналысып, бейнефильмдер көріп, күндерін қызықты өткізеді. Сонымен қатар сарбаздар жайдарманнан өзара сынға түседі. Әрине, барлық адамға қатал болып көрінген әскерде әзілге де орын бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде сарбаздар арасында жайдарман ойындары өткізіліп, өзара мықтыны анықтайды. Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген сарбаздар да әзіл жағынан осал емес. Олардың араларында әзіл мен өнерге жақын жандар көп қой. Мәселен, Степногорск қаласында орналасқан 3517 әскери бөлімінің сарбаздары өздерін әзілге жақын екендерін көрсетті. Атап айтар болсақ, 3517 әскери бөлімінің сарбаздары өзара «Step sity» командасын құрып Степногорск қаласының әкімінің кубогында бақ сынайды. Аға лейтенант Асан Рамазановтың жетекшілігімен құралған  жайдарман тобы, бір мезетте құрылса да, сарбаздардың бірін-бірі түсінулерінің арқасында өте сапалы әзілдер шығарып көрермендердің қошеметіне бөленген болатын.

-Бұл жайдарман тобы мен үшін ерекше. Себебі бұл менің әскери қызметімдегі жетекшілік еткен алғашқы тобым. Бұл сарбаздар менің көзіме бірден түсті. Себебі «Біз әскери бөлім ішінде өткізетін жайдарманға қатысайықшы» деп бірден ынталарын білдіріп, өздерінің жайдарман ойнауға деген қабілеттерінің бар екендігін көрсетті. Күнделікті қызметтерін жақсы атқарып қана қоймай, демалыс күндері жайдарманға дайындалып, жақсы әзілдер дайындайтын еді, - деп атап өтті 3517 әскери бөлімінің әскери қызметкері «Step sity» командасының жетекшісі аға лейтенант Асан Рамазанов.

Күнделікті қызметпен қатар әзілді қатар алып жүрген ұландықтар 15 қараша күні Степногорск қаласы әкімінің кубогы үшін сыңға түседі. 9 команда қатысқан бұл жарысқа Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларының үздіктерінен құралған құрама командалар жиналған.  Аталмыш бұл сайысқа үздіктер қатысса да «Step sity» командасы өздерінің достық қарым қатынастарының арқасында сақадай сай болып келді. Ән мен би, жыр мен күй қатар жүрген бұл сайыста «Step sity» командасының мүшелері әскери өмірдегі ғана емес өмірде орын алып жатқан оқиғалар туралы шыншыл әзілерді халыққа жеткізіп, көрермендердің көзайымына айналды. Барлық сайыс түрінен өздерінің әзілдерінің сапасының арқасында «Step sity» құрама командасы Степногорск қаласының әкімінің кубогын жеңіп алып, келесі турға сенімді түрде жолдама алды. Осылайша қызметтерін үздік атқарып жүрген ұландықтар жайдарман сахнасында жұлдыздары жанып жеңімпаз атанды. Ал қазіргі таңда, отан қорғау мен әзілді үйлестіріп жүрген ұландықтар Көкшетау қаласында өтетін Ақмола облысының кубогіне қатысады.

Лейтенант Бақдәулет МАНАРБЕК

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -