Мемлекеттік органдар мен БАҚ интернет-алаяқтықпен күресу үшін бірігеді

4279
Фотосурет: @jcomp freepik

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) өкілдері Zakon.kz интернет-порталы ұйымдастырған «Интернет-алаяқтық: қарсы іс-қимыл, алдын алу, коммуникация» атты конференцияға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сонымен бірге конференцияға Бас прокуратураның, Қаржылық  мониторинг агенттігінің, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, депутаттар және басқалар қатысты.

Конференцияның басты мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейту.

Қатысушылар интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің құралдары мен тетіктерін, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықпен алдын алу және түсіндіру жұмысының әдістерін талқылады.

Конференцияға қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша, сондай-ақ Қазақстан халқының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -