Ұландықтар оқушының жоғалған телефонын дер кезінде қайтарды

5687
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Семей қаласының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген 5511 әскери бөлімінің жасағы «Samsung» маркалы ұялы телефонды тауып, тез арада иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға сағат 18:30 шамасында Засядко көшесі бойында болған. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Думан Ағзаев автовокзал маңында жол жиегінде жатқан «Samsung» маркалы ұялы телеофонды байқаған. Смартфонды қолына алған сәтте құрылғы иесі өзге номерден қоңырау шалады.

- Аягөз қаласына жолға шыққан мен автобус уақытынан кешігіп қалмас үшін автовокзалға асыққан едім.  Автобусқа  әбден жайғасқан сәтте ғана қалтамдағы смартфонның жоқ екенін аңғардым. Іле-шала қоңырау шалғанымда телефонды көтерген адам өзін Ұлттық ұланның әскери қызметшісімін деп таныстырып, қай жерде тұрғанын айтты. Мен әскери қызметшіге уақыттың тығыздығын баян етіп, автобус тұрған алаңқайға келсеңіз деп қолқа салдым. Ұландықтар  жедел жетіп, қолыма смартфонды ұстатты. Алыс сапарға шыққан мені жолымнан қалдырмай, смартфонымды тауып берген ұландықтарға айтар алғысым шексіз - дейді телефон иесі.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімі әрдайым  қырағылық танытып, қызметін адал атқарып келеді.  Өткен жылы Абай облысында болған алапат өртті ауыздықтауға да жеке құрам жұмылдырылып, ел алғысына бөленген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -