Жарнамалық жазулары бар жалған теңгелер: не білу керек

7623
Фотосурет: Қазақстан Ұлттық Банкі

Ұлттық Банк жалған полиграфиялық өнімдер – қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Аталған жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі олардың таралу фактісін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады.

Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады.

Сонымен қатар Ұлттық Банк түпнұсқа банкноталарда көзбен көріп тексеру және жанасу кезінде оңай анықталатын бірқатар қорғаныш белгі бар екенін еске салады. Бұл белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтында және Ұлттық Банктің Youtube каналында танысуға болады:

1) 5 000 теңге номиналындағы жаңа «Сақ стилі» сериясының банкнотының қорғаныш элементтері туралы:

2) 10 000 теңге номиналындағы жаңа «Сақ стилі» сериясының банкнотының қорғаныш элементтері туралы:

3) Теңгенің 30 жылдығына арналған 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотының қорғаныш элементтері туралы:

Күмәнді банкноталар, соның ішінде түпнұсқа ақша белгілерінің сыртқы белгілеріне ұқсайтын банкноталар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Қазақстан Ұлттық Банкі жалған ақша белгілерінің жасалуына қарсы күрес бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланғанда сақ болуға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -