Алматыда қозғалысты шектеу: Бұқар Жырау бульварындағы учаске жабылды

7535
Фотосурет: freepik

Бұқар жырау бульвары учаскесінде қозғалыстың уақытша шектелуі туралы, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылғы 30 қараша сағат 7:00-ден 2 желтоқсан 06:00-ге дейін  Бұхар жырау бульвары мен Байзақов көшесі қиылысының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ  Бұқар жырау бульвары бойында  Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 

Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 

Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары бойымен Есентай өзеніне дейінгі орта қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы – 1766,9 м. 

Қолданыс кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың 4 коррозиялық зақымдануы анықталды. Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -