Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында бірінші жекпе жекте жеңіске жетті

12980
Фотосурет: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық боксшы тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Дулат Бекбауов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -