«Батыс» өңірлік қолбасшылығында теолог маманымен кездесу өтті

9669
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен, БҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дастан Абдувалинов, әскерилерге әлемдік негізігі діндер туралы ақпарат беріп  ұландықтарды түрлі діни ағымдарымен таныстырды.

Кездесудің басты мақсаты-Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің діни білімдерін арттыру еді. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың жастар арасындағы жалған діни идеологияларды насихаттау бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесу соныңда ұландықтарға  деструктивті діни ағымдардың ықпалы туралы бейнеролик көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -