Қараусыз қалған баланы ата-анасына қайтарды

3806
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Ұлттық ұланның елордада орналасқан 5573 әскери бөлімінің сарбаздарынан құралған әскери жасақ жауынгерлік-қызметтік міндеттерін орындау кезінде адасқан баланы ата-анасымен қауыштырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

29 қараша күні сағат 19:38-де Астана қаласының Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіп қадағалап жүрген әскери жасақ жауынгерлерінен А есімді азаматша көмек сұраған. Ол өзінің ұлынан көз жазып қалғанын және таба алмай жүргенін айтқан. Әскери жасақ бастығы қатардағы Нүркен Мұрат жоғалған бала туралы путрульдік топ бастығына дереу мәлімдеп, жанындағы қаруластары қатардағы Төлеби Сәрсенбаев және  Рауан Исаевпен бірге баланы іздеуге кіріскен.

Әскери жасақ көп өтпей жақын маңайда қараусыз жүрген баланы байқайды. Жақындай келе оның өздері іздеп жүрген бала екеніне көздері жетеді.

- Әйел кісінің баласын уайымдап, бір орында тұра алмай жүргенін көрген соң тезірек табуға тырысқан едік. Бала алысқа ұзай қоймаған екен. Ол жан-жағына қарайлап, анасын іздеп жүрді. Біз оның жағдайын біліп, содан кейін анасына табыстадық, - деді әскери жасақ бастығы қатардағы Нүркен Мұрат.

Азаматша баласын тауып берген Ұлттық ұлан сарбаздарына және олардың қолбасшылығына алғыс білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -