Туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау

4477
Фотосурет: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Талдау Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтиды.

Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету, туристік қызмет саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бюджетті жоспарлау және игеру, туристік саланы субсидиялау және бюджеттік кредиттеу мәселелерін зерделеу жоспарлануда.

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен басқа, талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -