Ақтаулық командир ұландықтар арасында үздік атанды

11429
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 26 мен 30 қарашасы аралығында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің базасында «Үздік батальон командирі» сайысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сайысқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Жаңаөзен қалаларынан келген 25 офицер қатысты. 

Төрт күнге созылған жарыс барысында қатысушылардың білім деңгейлері дене шынықтыру дайындығы, ату және саптық дайындығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, мемлекеттік тілді білу және жалпы әскери жарғы ережелерін білуі бойынша білімдері тексерілді.

Тартысты өткен сайыстың қортындысы бойынша Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің батальон командирі майор Әсет Айдарғалиев үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі бірінші орынға қол жеткізді.

Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Жарысқа келген офицерлердің барлығы тыңғылықты дайындалып келген. Мен бұл жарысқа Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің атынан қатысып, жүлделі бірінші орынға қол жеткіздім. Ендігі мақсатым Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың жеңімпазы атану Әсет Айдарғалиев

Айта кетейік желтоқсан айының соңында «Үздік батальон командирі» байқауы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында өтеді. Аталмыш жарыста майор Ә. Айдарғалиев «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -