Мемлекеттік кірістер органдары, полиция департаменті мен облыстық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 1 895 737 теңге қарызы бар «TOYOTA LAND CRUISER 200» маркалы автокөлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы облысында 2 112 рейд жүргізіліп, оның нәтижесінде жеке тұлғалардан 1 747,9 млн.теңге көлемінде көлік құралдарына салық төленді, сонымен бірге қарызы бар 12 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың салық берешегі 2 937,6 млн теңгені (көлік салығы – 122 851 жеке тұлғаға 2 907,0 млн теңге, мүлік салығы 55 069 жеке тұлғаға – 30,6 млн теңге), оның ішінде берешегі - 1 882,8 млн теңге, өсімпұл 1 054,8 млн теңгені құрады.
Көлік салығы бойынша ең көп берешек 3 ауданда, атап айтқанда Қарасай ауданында берешек жеке тұлғалар саны – 38 337, сомасы 893 082 мың теңге, Талғар ауданында берешек жеке тұлғалар саны – 44 521, сомасы 617 501 мың теңге, Іле ауданында берешек жеке тұлғалар саны 38 692, сомасы 606 015 мың теңгені құрайды.
2023 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша 545 375 автокөлікке, 328 461 жеке тұлғаға жалпы сомасы 8,8 млрд теңге салық есептелді.
2022 жылмен салыстырғанда 101 129 автокөлікке, 42 640 жеке тұлғаға 2,9 млрд теңгеге өсу қарқыны байқалады.
2023 жылы 2022 жылға арналған көлік құралдары салығы 444 246 автокөлікке, 285 821 жеке тұлғаға жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге салық есептелген.
20 306 жеке тұлғаға көлік құралдарына 205,4 млн.теңге, оның ішінде 10 989 жеке шаруа қожалықтарына 101,2 млн.теңгеге көлік құралдарына жеңілдіктер қарастырылған.
2023 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке шоттарға 2023 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша 657 105 жеке тұлғаға, 670 119 салық салу объектісіне 201,6 млн.теңге салық есептелді.
2022 жылмен салыстырғанда 22 010 салық салу объектісіне 55,5 млн.теңгені құрайтын 50 337 салық төлеушіге өсу қарқыны байқалады, 2022 жылға 635 095 салық салу объектісі бойынша 619 782 жеке тұлғаға 146,1 млн.теңге есептелген.
Сондай-ақ жеңілдіктері бар 29 211 жеке тұлға 15,3 млн теңге сомасында мүлік салығын төлеуден босатылды.