Оқушы қазақтың ым-ишара тілін аударудың инновациялық жүйесін жасады

5687
Фотосурет: NIS

NIS оқушысы жасанды интеллект арқылы қазақ ымдау тілін аударудың жаңашыл жүйесін ойлап тапты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Жаннұр Қали жасанды интеллект арқылы қазақ ымдау тілін тану мен үйренуге арналған тиімді жүйе жасап шықты. Жоба Mediapipe және Computer Vision технологияларын қолдану арқылы қазақ ымдау тілін реальды уақытта тану және аудару мүмкіндігін береді. Бұл жоба дәлдігі 96%-ды құрайтын инновативті машиндық оқыту моделі мен CNN(Convolutional Neural Network), LSTM(Long-short term memory) секілді нейронды желілердің және OpenAI API көмегімен қазақ ымдау тілін қарым-қатынас барысында морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан түзетіп, ғылыми негізде үйренуді жеңілдетуге бағытталған.

Қазіргі таңда дүниежүзінде ерекше қажеттілігі бар адамдар саны 1.3 миллиардты құрайды. Олардың 70 миллионы есту қабілетінен айырылғандар. Қазақстанда да 130 000-нан астам есту қабілеті нашар адам бар, сондықтан осы азаматтарға қолдау көрсету өте маңызды. 11 сынып оқушысы Жаннұр Қалидің бұл жобасы қазақ ымдау тілін тану жүйесі есту қабілеті бұзылған азаматтармен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті қоғамды дамытуға айтарлықтай үлес қосатын әлеуметтік жоба жүйесі есту қабілеті шектеулі адамдардың қоғаммен байланысын жақсартып, олардың ақпарат алуына жеңіл жол ашады. Сонымен қатар, қазақ ымдау тілін үйрету құралы ретінде білім беру саласында да қолданылуы мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жүйенің арқасында қарым-қатынас орнату процесі жылдамдамақ, ал ымдау тілі қолданылу аясын кеңейтілмек.

Жобаның ғылыми жаңалығы – қазақ ымдау тілін тану жүйесін аса дәл формада, күрделі сөйлемдермен байланыс орнату мүмкіндігін беру және ымдау тілін үйрену процесін автоматтандыру. Mediapipe, Mediapipe Holistic және Computer Vision, LSTM architecture технологияларын қолдана отырып, жүйе қазақ ымдау тілін жоғары дәлдікпен тану қабілетіне ие. Бұл – әлемдегі ең көп қолданылатын ымдау тілдерін де қазақ тілінде танып, аударатын жүйе болмақ. Жоба елімізде есту қабілеті бұзылған адамдардың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жасанды зерде арқылы жүзеге асатын әлеуметтік жобаның экономикалық тиімділігі де зор. Жас зияткер Жаннұр жобаның медициналық көмек көрсету және оны қолдау үшін әлеуметтік сақтандыру аясында жүзеге асырылуы мүмкін дейді. Сонымен қатар, бұл сала нарығы дүниежүзінде 5,9 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Ғылыми жобаның әлеуеті - сөздік қорды арттыру, арнайы ұйымдармен серіктестік құру, жүйені халықаралық деңгейде танымал ету және кросс-платформалы қосымшаға айналдыру қарастырылады. Жүйе эмоция тану мүмкіндігімен толықтырылады деп жоспарланып отыр. Ал болашақта бұл жүйе қоғамдық орындарда, білім беру мекемелерінде және барлық әлеуметтік салаларда кеңінен қолданылатын болады.

Қорыта айтқанда, жас ғалымның ұсынылған жобасы қазақстандық қоғамның инклюзивті дамуына және есту қабілеті бұзылған азаматтардың өмірін жеңілдетуге елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, бұл жоба технологиялық тұрғыда үлкен қадам болып табылады және халықаралық деңгейде де үлкен сұранысқа ие болуы хақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -