Қазақстан және TotalEnergies Renewables: ЖЭК саласындағы қоғамдастықтың жаңа кезеңі

3069
Фотосурет: primeminister.kz

4 желтоқсан күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «TotalEnergies Renewables» аға вице-президенті Оливье Жунимен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар Жамбыл облысында қуаты 1 ГВТ жел электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық жобаның іске асырылу барысын талқылады, сондай-ақ энергетика саласындағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша пікір алмасты. 

Роман Скляр Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялар ағынын арттыруға көп көңіл бөлетінін және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

Өз кезегінде, Оливье Жуни сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, жел электр стансасын салу жөніндегі жобаны табысты іске асыруға сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдету және екіжақты байланыстарды нығайту қажеттігі туралы келісті.

TotalEnergies Renewables» әлемдегі ең ірі «Totalenergies SE» (Франция) компаниясының еншілес кәсіпорны саналады. Бүгінгі таңда «TotalEnergies Renewables» компаниясымен бірлесіп Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн энергетикасы саласында екі жоба іске асырылды. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -