2024 жылдың қараша айында іскерлік белсенділік біршама жақсарды.
Көрсеткіш он ай бойы оң аймақта қалып, 51,6 болды.
Көрсеткіш өндіріс пен көрсетілетін қызмет секторында тиісінше 53,1 және 51,5-ке дейін өсуі есебінен ұлғайды (қазанда 52,9 және 50,6). Құрылыста индекс 49,9 (қазанда – 51,8) болып, төмендеу жағына өтті, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде, керісінше, 50,3-пен (қазанда – 49,6) өсу жағына ауысты. Өндірісте жаңа тапсырыстар едәуір ұлғайса, құрылыста біршама төмендеді. Барлық секторда еңбекпен қамту деңгейі артқаны да тіркелді.
2024 жылғы қарашада бизнес-ахуал индексі (БАИ) ұлғайды. Бизнес жүргізудің ағымдағы жағдайын бағалау сияқты болашақ бизнес-жағдайларға қатысты оптимизм де жақсарды. Бизнес-циклдің «сағат» индикаторы өсуі жағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметіне сұраныс артты. Қарашада сұраныстың өсу қарқыны саудадан басқа, барлық секторда күшейді. Саудада баяулағанына қарамастан, сұраныс оң қалпында қалды. Қалған факторлар (бизнесті қорғау мәселелері, салық жүктемесі және қаржыға/кредитке қолжетімділік) нашарлады, респонденттер инфрақұрылымның өзгеруін ғана бейтарап деп бағалады.
Рүстем Оразалин, ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры