FlyArystan әуекомпаниясы мен «Менің Арманым» корпоративтік қоры бірлесе отырып жас қазақстандық Александра Яровенконың ол бортсерік рөлін өзіне киіп көрe арманына қол жеткізуіне көмектесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Александра үшін ұмытылмас, жарқын эмоцияларға толы күн ұйымдастырылды. Ол кәсіби мамандардан груминг-сессиясынан өтіп, оның барысында Александраға шақтап тігілген FlyArystan бортсерігі формасын киіп көрді және Air Astana оқу орталығын аралап, бортсеріктің жұмыс атмосферасына еніп көрді.
«Әрбір бала үлкен әрі маңызды дүниенің бір бөлігі болғанын сезінуге лайық. Біздің ұжым осы күнді Александра үшін ерекше ету үшін бар күшін салды. Бортсерік болу арманының орындалуы оған және оның отбасына қуаныш әкеліп қана қоймай, біздің ұжымға да шабыт берді. Біз балалардың өмірін жақсартатын маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдауды жалғастырамыз» Ричард Леджер, FlyArystan президенті
FlyArystan әуекомпаниясы тек қолжетімді билет ұсынуды ғана мақсат етіп қоймай, сонымен қатар ерекше көмекке мұқтаж жандарға қуаныш пен шабыт сыйлайтын бағдарламаларға қатысады. Балалардың армандарын орындауға атсалысу, әртүрлі жобаларды қолдау және әлеуметтік маңызды мәселелермен айналысатын ұйымдармен серіктестік — FlyArystan-ның корпоративтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі.
Компанияның «Komek» қайырымдылық бағдарламасы аясында FlyArystan 1-ші топтағы мүгедектігі бар жандарға және олармен бірге саяхаттаушы бір адамға Қазақстан бойынша рейстерге 50% жеңілдік ұсынады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар жолаушыларға 20 кг жолжүкті тегін тасымалдау мүмкіндігі ұсынылады.